Indesit FHS G IX/HA Bedienungsanleitung Seite 63

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 68
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 62
KZ
63
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Пешті қосу
Бұл тұтқа тек пеш режимдерін таңдау үшін
ғана пайдаланылмайды, сондай-ақ, тұтқаның
өзінде көрсетілген температуралардан неше
түрлі тағамдарға лайықты пісіру температураны
(140°C-тан 240°C-қа дейінгі ауқым) таңдау үшін де
пайдаланылады. Пештің электрондық тұтату құралы
реттеу тұтқасына енгізілген. Пеш оттығын жағу үшін,
ПЕШ тұтқасын мүмкін болғанша ішке басыңыз да,
оны сағат тілінің бағытына қарсы бұрап қалпына
орнатыңыз (пештің есігі жабық тұруы керек). Пеш
қауіпсіздік құралымен жабдықталған. Оттықты
жаққаннан кейін ПЕШ тұтқасын шамамен 6 секунд
басып тұру арқылы қауіпсіздік терможұбы қызғанша
газдың айналымына жол беріңіз.
! Пештің электрондық тұтату құралын 15 секундтан
асатын мерзімге белсендіруге болмайды. Оттық 15
секундтан кейін жанбаса ПЕШ тұтқасын жіберіңіз де,
пештің есігін ашып, оттықты қайта жақпастан бұрын
кем дегенде бір минут күтіңіз.
Пісіру температурасын қалаған температураны
басқару тақтасындағы сілтеме белгісімен сәйкес
келтіру арқылы таңдалады; температуралардың
толық ауқымы төменде көрсетілген:
Пеш орнатылған температураға автоматты түрде
жетеді, ал тұтқамен басқарылатын термостат
температураны бір қалыпта ұстайды.
Пешті қолмен қосу
Тоқ болмаған кезде пештің оттығын қолмен жағуға
болады:
1. Пештің есігін ашыңыз.
2. Сіріңкені немесе
шақпақты суретте
көрсетілгендей
оттықтың тесігіне жақын
ұстаңыз, F тұтқасын
(суретті қараңыз) толық
басыңыз да, оны сағат
тілінің бағытына қарсы
бұрап, «Max» қалпына
орнатыңыз.
Пеш қауіпсіздік құралымен жабдықталған. Оттықты
жаққаннан кейін ПЕШ тұтқасын шамамен 6 секунд
басып тұру арқылы қауіпсіздік терможұбы қызғанша
газдың айналымына жол беріңіз.
3. Оттық жанғаннан кейін пештің есігін жабыңыз.
! Егер оттықтың алауы байқамастан өшірілсе, ПЕШ
реттеу тұтқасын “өшірулі” қалпына бұраңыз да,
пештің есігін ашып, оттықты қайта жақпастан бұрын
кем дегенде бір минут күтіңіз.
ГРИЛЬ тұтқасы
Пеш электр грильмен жабжықталған. Грильдің аса
жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған
етті жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай
отырып, олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жоғары бет температурасын қажет ететін
тағамдарға грильді пайдаланған абзал: бифштекс,
сиыр еті, қабырға стейкі, белдеме, гамбургерлер
және т.б...
Грильдің пайдалану жолдарының кейбір мысалдары
“Тағам дайындау бойынша кеңес” бөлімінде
берілген.
! Грильді пайдаланған кезде, пештің есігі жабық
болуы тиіс.
! Нысандарды тікелей пештің түбіне қоймаңыз – бұл
эмаль қаптамаға зақым келуге әкелуі мүмкін.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Қосу және пайдалану
F
Ең
төмен
150 180 220
Ең
жоғары
140 145 160 200 230 240
Seitenansicht 62
1 2 ... 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare