Indesit C 34S G3 (X) R /HA S Bedienungsanleitung Seite 55

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 64
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 54
55
KZ
Плита артына
немесе оның шеттеріне
200 мм-ден жақын
жерге перде ілмеңіз.
Қалқалар
қатысты пайдалану
нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес
орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің әрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын бұраңыз
(суретті қараңыз).
Аяқтар плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге
кигізіледі.
Токқа жалғау
Құрылғының негізгі деректер кестесінде көрсетілген
жүктемеге сәйкес стандартты штепсельдік ұшты
орнатыңыз (Техникалық деректер кестесін қараңыз).
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі
арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар
бірнеше каналды айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет.
Айырып-қосқыш көрсетілген жүктемеге лайықты және NFC
15-100 стандартына сәйкес болуы қажет (жерге қосылған
сымды айырып-қосқыш ажыратпауы тиіс). Электр кабелін
кез келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға
сәйкес болып табылады.
Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында болады.
Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді.
Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше
розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.
* Тек белгілі модельдерде болады
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
! Осы қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Газды жалғау
Ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес және берілетін
газ түрімен құрылғы жұмыс істей алатынына көз
жеткізгеннен кейін газ желісіне немесе газ баллонына
майысқақ резеңке не болат түтікпен қосылуға болады
ақпақтағы сипаттама жапсырмасын қараңыз: олай
болмаса, төмендегі мәтінді қараңыз). Баллоннан
сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы ұлттық
заңнамаларға сәйкес келетін қысым реттегішін
орнатыңыз. Қосылымды жеңілдету үшін газ түтігін
шетке қарай бұру керек*: түтік тұтқышын қақпаққа
қарама-қарсы қойыңыз және құрылғымен бірге
берілетін аралық қабатты орнына қойыңыз.
! Газ беру қысымы Оттық пен форсункалар
сипаттарының кестесінде көрсетілген мәндерге
сәйкес келетінін тексеріңіз (төмендегі мәтінді
қараңыз). Бұл құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін
және төзімділігін қамтамасыз ете отырып, қуаттың
тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді.
Майысқақ резеңке түтікпен газды жалғау
Түтік ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Түтіктің ішкі диаметрі мынадай болуы
тиіс: сұйық газ беру үшін 8 мм; метан газын беру
үшін 13 мм.
Қосылым жасалғаннан кейін түтікке байланысты
келесі жағдайлардың орындалуына көз жеткізіңіз:
Температурасы 50°C-тан асатын ешбір бөлшекке
тимейді.
Оған ешбір тарту немесе бұрау күштері
әсер етпейді және ол бұралмаған не
майыстырылмаған.
Жүздерге, үшкір бұрыштарға немесе қозғалмалы
бөлшектерге тимейді және қысылмаған.
Жағдайын тексеру үшін бүкіл ұзындығы бойынша
оңай қарап шығуға болады.
1500 мм-ден қысқа.
Ағымдағы заңдарға сәйкес келетін қысқыштармен
екі жағынан да мықтап бекітілген.
Seitenansicht 54
1 2 ... 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 ... 63 64

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare