Indesit FGIM K (BK) S Bedienungsanleitung Seite 65

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 72
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 64
65
KZ
Пешті қолмен қосу
Тоқ болмаған кезде пештің оттығын қолмен жағуға
болады:
1. Пештің есігін ашыңыз.
F
2. Сіріңкені немесе шақпақты
суретте көрсетілгендей
оттықтың тесігіне жақын
ұстаңыз, F тұтқасын (суретті
қараңыз) толық басыңыз да,
оны сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап, “Max” қалпына
орнатыңыз.
Пеш қауіпсіздік құралымен жабдықталған. Оттықты
жаққаннан кейін ПЕШ тұтқасын шамамен 6 секунд басып
тұру арқылы қауіпсіздік терможұбы қызғанша газдың
айналымына жол беріңіз.
3. Оттық жанғаннан кейін пештің есігін жабыңыз.
! Егер оттықтың алауы байқамастан өшірілсе, ПЕШ
реттеу тұтқасын “өшірулі” қалпына бұраңыз да, пештің
есігін ашып, оттықты қайта жақпастан бұрын кем дегенде
бір минут күтіңіз.
ГРИЛЬ тұтқасы
Пеш электр грильмен жабжықталған. Грильдің аса
жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған етті
жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай отырып,
олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
жоғары бет температурасын қажет ететін тағамдарға
грильді пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті, қабырға
стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...
Грильдің пайдалану жолдарының кейбір мысалдары
“Тағам дайындау бойынша кеңес” бөлімінде берілген.
! Грильді пайдаланған кезде, пештің есігі жабық болуы
тиіс.
! Нысандарды тікелей пештің түбіне қоймаңыз бұл
эмаль қаптамаға зақым келуге әкелуі мүмкін.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)ға
қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
кейбір модельдер басқару тақтасы мен пеш есігінің
арасына жел айдайтын салқындату желдеткішімен
жабдықталады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық салқындағанға
дейін желдеткіш қосулы тұрады.
Істікте қуыру*
Істікте қуыру функциясын іске қосу үшін (сызбаны
қараңыз) төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші
позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
3.
режимін таңдау
мақсатында тұтқаны
пайдаланып, гриль
функциясын қосыңыз.
Пештің шамдары
Ол ЖАРЫҚ түймесін басу арқылы қосылады.
Таймерді пайдалану әдісі
1. Дыбыс сигналын орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын сағат
тілі бойынша бір толық айналымға бұраңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін тұтқаны сағат тіліне
қарсы бұраңыз: тұтқада көрсетілген минутты басқару
тақтасындағы индикатормен теңестіріңіз.
3. Таймер минуттық режимде жұмыс істейді: таңдалған
уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
! Таймер пешті қоспайды және өшірмейді.
Тағам дайындау режимдері
Тағам дайындау режимдері
ГРИЛЬ режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Грильдің аса
жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған етті
жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай отырып,
олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
жоғары бет температурасын қажет ететін тағамдарға
грильді пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті, қабырға
стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б... Осы режимде
ас пісіргенде пештің есігін әрқашанда жабық ұстаңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! ГРИЛЬ режимінде тағамның қалдықтарын (май
сияқты) жинау үшін тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
ГРИЛЬ
Грильді 3 немесе 4-позицияға қойыңыз. Тағамды
грильдің ортасына орналастырыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады.
Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі
және тұрақты күйде қосылып тұрмауы мүмкін.
* Тек белгілі бір модельдерде бар.
Seitenansicht 64
1 2 ... 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare