Indesit 7HTD 640S (DS) IX/HA Bedienungsanleitung Seite 24

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 24
  • Inhaltsverzeichnis
  • FEHLERBEHEBUNG
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 23
Жөндеу және күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш заттар немесе қырғыш
беттері бар губкалар сияқты қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш
заттарды пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола сызып тастауы
мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе шаңсорғышпен
тазаламаңыз.
Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас үй сүлгісімен
құрғату жеткілікті.
Оттықтардың алынбалы бөлшектерін жылы сабынды сумен жиі жуып,
күйіп қалған заттарды алып тастап тұру қажет.
Автоматты түрде жанатын плиталарда электрондық шапшаң тұтату
құралының ұшын жиі тазалап, газ шығатын тесіктердің бітеліп
қалмауын тексеріп отыру қажет.
Тот баспайтын болаттан жасалған бөлшектерде, егер олар ұзақ
уақыт сумен басқа да сұйықтықпен араласып қалып қоятын болса
дақтар пайда болуы мүмкін. Оны тазартқаннан кейін жуғыш құралдың
(құрамында фосфор бар) қалдықтарын дымқыл шүберекпен сүртіп
кептіру керек. Сонымен қатар аққан суды тез арада тоқтату керек.
! Газ конфоркаларында шашыратқышты, тостерді немесе тот
баспайтын болаттан жасалған етке арналған торды пайдалануға
болмайды.
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды бұру қиындауы мүмкін.
Бұл жағдай орын алса, шүмекті ауыстыру қажет.
! Бұл рәсімді өндіруші өкілет берген білікті маман орындауы тиіс
Ақаулықтарды жою
Пісіргіш панель жұмыс істемей қалып не нашар істеуі мүмкін. Қызмет
көрсету орталығына хабарласу алдында өзіңіз орындай алатын
әрекеттерді қарастырайық. Алдымен, энергия мен газбен жабдықтау
жүйесінде ажыраулардың жоқ, әсіресе панельдің газ шүмектері ашық
екендігіне көз жеткізіңіз.
Жанарғы жанбайды немесе жалын әркелкі.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Жанарғының газ шығару саңылаулары бітелмеген.
Жанарғының барлық жылжымалы бөлшектері дұрыс орнатылған.
Панельдің жанында өтпе жел жоқ.
Қауіпсіздік құрылғысы бар нұсқаларда жалын өшеді.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Тұтқаны шегіне дейін бастыңыз.
Тұтқаны қауіпсіздік құрылғысын белсендіру үшін жеткілікті уақыт ішінде
шегіне дейін бастыңыз.
Сақтандырғыш орналасқан жердегі газ шығару саңылаулары
бұғатталмаған.
Жанарғы минималды күйде жанбайды.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Газ шығару саңылаулары бітелмеген.
Панельдің жанында өтпе жел жоқ.
Минималды мән реттеуі қате.
Ыдыстар тұрақсыз.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Ыдыстың түбі толығымен тегіс.
Ыдыс жанарғыда не электрлік плитада ортаға келтірілген.
Торлар аударылмаған.
24
KZ
ЕСКЕРТУ
195128497.01
02/2015 - XEROX FABRIANO
Indesit Company S.p.A.
V
iale Aristide Merloni,47
60044 Fabriano (AN)
www.hotpoint.eu
Seitenansicht 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare