Indesit SL M07 A3M O Bedienungsanleitung Seite 64

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 84
  • Inhaltsverzeichnis
  • FEHLERBEHEBUNG
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 63
64
it
64
kz
3. Жоғарғы мультициклонды шаң сауытынан
шығарыңыз.
4. Шаң сауытын ағып тұрған сумен жуу арқылы
қалған кірді кетіріңіз.
5. Бөлшектері кепкенше бөлме
температурасында ұстаңыз.
6. Шаң сауытын жабу үшін, жоғарғы шаң
сауытын суретте (С) көрсетілгендей бұрап,
жоғарғы мультициклондағы белгіні (22) шаң
сауытындағы құлыптау белгісіне келтіріңіз
7. Жоғарғы мультициклондағы индикатор белгісі
(22) және шаң сауытындағы құлыптау белгісі
бір-біріне дәл келтірілгенде шаң сауыты
дұрыс орнатылған болады.
8. Шаң сауытын қайтадан негізгі корпусқа
орнатыңыз
Сүзгілерді тазалау (F)
Артқы жақтағы Аса таза Нера 14 сүзгісін (38)
тазалау:
1. Ашу құлағымен ауа торын (39) ағытып,
губканы шығарып алыңыз (40) (F1).
2. Ашу тілін босату арқылы Аса таза Нера 14
сүзгісін шығарып алыңыз (F2).
3. Судың күші тым жоғары болмауына назар
аудара отырып, сүзгіні және губканы су
ағынында жуып, тазалаңыз (F5).
4. Сүзгіні су қабатталған жерлеріне параллель
ағатындай ұстаңыз.
5. Сүзгі мен губканы бөлме температурасында
барлық құрамдас бөліктері толығымен
кепкенше қойып қойыңыз (F6).
6. Кетіктерінің орнына назар отырып, Аса таза
Нера 14 сүзгісін орнына салыңыз.
7. Губканы ауа өткізу торына салып,
корпусындағы орнына түскенше кіргізіңіз.
Мультициклондық сүзгіні тазалау (37):
1. Тұтқадағы (23) шаң сауытын босату түймесін
(36) басып, шаң сауытын шығарып алыңыз.
2. Суретте көрсетілгендей (F3) шаң сауытындағы
тұтқадағы иінтірекпен ашыңыз.
3.
Сүзгіні ашу құлақшасынан тартып шығарыңыз (F4).
4.
Судың күші тым жоғары болмауына назар аудара
отырып, сүзгіні су ағынында жуып, тазалаңыз (F5).
5. Бөлшектері кепкенше бөлме
температурасында ұстаңыз (F6).
6. Сүзгіні шаң сауытының ішіндегі арнайы
корпусқа орнатыңыз.
7. Шаң сауытының тұтқасын жабыңыз.
ҚОСЫМШАЛАР
Бірнеше функциялы щетка
Бірнеше функциялы щетка (1) қатты едендерді
және кілемдерді күнделікті тазалауға қолайлы.
Бірнеше функциялы щетка (1) ауа ағынын
оңтайландыратындай жасалып, әсіресе қатты әрі
тегіс едендер мен кілемдерді тазалауға қолайлы.
Щетка қосымша педалін (2) төмендегілерді тазалау
үшін қолданыңыз:
Қатты едендер
Кілемдер
Паркет щеткасы
Паркет щеткасы (4) ағаш едендер сияқты нәзік жерлерді
тазалауға қолайлы. Арнайы табиғи қылдар оны өте
нәзік беттерді зақымдамай тазалауға мүмкіндік береді.
Люкс паркет щеткасы
Люкс паркет щеткасы (3) нәзік және паркетпен
қапталған едендерді тазалауға қолайлы. Щетка
өте шаңсорғыштың сору күшімен басқарылатын
нәзік айналмалы қылдармен және нәзік едендерді
қорғайтын жұмсақ дөңгелектермен жабдықталған.
Люкс паркет щеткасының пластмассалық бөліктерін
тазалау үшін щетканы металдан жасалған төменгі
ұзарту түтігінен (9) ажыратып, құрғақ немесе сәл
дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Айналмалы
қылдарды тазалау үшін қауіпсіздік құлпын орнына
бұрып, шешіп алыңыз да, тазалауға кірісіңіз. Байланып
қалған шаштар мен жіптерді қайшымен кесіп алыңыз,
бірақ щетканың қылдарын зақымдап алмаңыз.
Қаптағыш щеткасы
Қаптағыш щеткасы (5) диван, матрас, көрпе, жастық, т.б.
заттарды тазалауға қолайлы. Ол шаңсорғыштың сору
күші басқаратын айналмалы қылдармен жабдықталған,
олар болса терең тазалауға және маталардан жүн, шаш
немесе кенелерді кетіруге мүмкіндік береді. Қорғайтын
тор қылдардың тазаланатын бетке тиюіне жол бермей,
маталарды нәзік түрде өңдеуді қамтамасыз етеді.
Жіңішке ұш
Қосымша қысқыштағы (7) жіңішке ұш (8) бұрыштарды,
қисық жерлерді және тазалануы қиын басқа жерлерді
тазалауға көмектеседі.
Нәзік беттерге арналған ұш
Қосымша қысқыштағы (7) нәзік беттерге арналған
ұш (6) батарея, жиһаз, т.б. сияқты арнайы күтім
қажет ететін беттерді тазалауға қолайлы. Оның
арнайы табиғи қылдар оны өте нәзік беттерді
зақымдамай тазалауға мүмкіндік береді.
Seitenansicht 63
1 2 ... 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 ... 83 84

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare