Indesit KN1M11S(W)/BA S Bedienungsanleitung Seite 79

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 84
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 78
Қосу және пайдалану
Плитаны қолдану
Оттықтарды жағу
Әрбір ОТТЫҚ тұтқасында қатысты оттық
жалынының күшін көрсететін толық шеңбер бар.
Плитадағы оттықтардың бірін жағу үшін:
1. Оттыққа жалынды немесе газ жақпағын
жақындатыңыз.
2. ОТТЫҚ тұтқасын басып, ол ең жоғарғы жалын
параметріне бағытталғанша, сағат тіліне қарсы
бағытта бұрыңыз.
3. ОТТЫҚ тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұру
арқылы жалын күшін қажетті деңгейге реттеңіз.
Ол ең төменгі параметр , ең жоғарғы параметр
немесе екеуінің арасындағы кез келген позиция
болуы мүмкін.
Құрылғы электрондық
жағу құралымен* (C)
жабдықталған болса,
таңбасымен белгіленген
тұтату түймесін басыңыз,
одан кейін ОТТЫҚ тұтқасын
басып, оны оттық жанғанша
ең жоғарғы жалын параметріне қарай, сағат тіліне
қарсы бағытта бұрыңыз. Тұтқа босатылғанда оттық
өшіп қалуы мүмкін. Бұл орын алса, тұтқаны ұзағырақ
ұстап, әрекетті қайталаңыз.
! Жалын байқаусыз өшірілсе, оттықты өшіріңіз де,
оны қайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут
күтіңіз.
Құрылғы жалынның өшіп қалуына қарсы
сақтандырғышпен (X)* жабдықталған болса, жалынның
жанып тұруы және құралды іске қосу үшін ОТТЫҚ
тұтқасын шамамен 2-3 секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Оттықты өшіру үшін тұтқаны тоқтау позициясына
жеткенше бұрыңыз.
Оттықтарды пайдалану бойынша кеңестер
Оттықтар ең тиімді түрде жұмыс істеуі және
тұтынылатын газ мөлшерін үнемдеуі үшін қақпағы
бар және асты тегіс табаларды ғана қолданған жөн.
Сондай-ақ, олар оттықтың өлшеміне сәйкес келуі
тиіс.
Оттық ø Ыдыс диаметрі (см)
Жылдам (R) 24 - 26
Жартылай жылдам
(S)
16 - 20
Қосымша (A) 10 - 14
Оттық түрін анықтау үшін «Оттық пен
форсункалардың сипаттары» ішіндегі сызбаларды
қараңыз.
! Төмендеткіш сөремен жабдықталған үлгілерде
диаметрі 12 см-ден аз кіші табақтарды қолданған
кезде оны тек қосымша оттықта ғана пайдалануға
болатынын есіңізде болсын.
Пешті қолдану
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар
істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны
қолданыңыз.
Пеш тұтқалары
Осы екі басқару элементінің көмегімен пештің
әртүрлі функцияларын және дайындалатын тағамға
лайықты пісіру температурасын таңдауға болады.
Әртүрлі тағам пісіру функциялары екі тұтқаның
көмегімен орнатылады:
таңдау тұтқасы
пеш тақтасындағы термостат тұтқасы.
«0» санымен белгіленген күту қалпынан басқа
таңдау тұтқасының кез келген параметрін
орнатқанда пеш шамы жанады;
8
санымен
белгіленген тұтқа параметрі ешбір қыздыру
элементін қоспай-ақ, пеш шамын жандыруға
мүмкіндік береді. Пеш шамы жанған кезде, ол
пеш пайдаланылып жатқанын білдіреді және пеш
пайдаланылып жатқан бүкіл мерзім бойы ол жанып
тұрады.
79
KZ
Seitenansicht 78
1 2 ... 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare