Indesit HH 50 IX/HA/1 Bedienungsanleitung Seite 44

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 48
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 43
KZ
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Пешті қосу
1. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасы көмегімен қажетті
температураны таңдаңыз. Тағам дайындау
режимдері және ұсынылған тағам дайындау
температуралары туралы мәліметті «Тағам
дайындау бойынша кеңестер» кестесінен қараңыз
(«Тағам дайындау режимдері» бөлімін қараңыз).
3. ТЕРМОСТАТ индикатор шамы пештің орнатылған
температураға дейін ысып келе жатқанын көрсетеді.
4. Тағам дайындау барысында төмендегі нәрселерді
орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
- THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау
арқылы температураны өзгерту
- РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындау үрдісін тоқтату.
! Эмальді қабат зақымдануының алдын алу үшін
ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Қосу және пайдалану
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
кейбір модельдер басқару тақтасы мен пеш есігінің
арасына жел айдайтын салқындату желдеткішімен
жабдықталады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанға дейін желдеткіш қосулы тұрады.
Пештің шамдары
РЕТТЕУ тұтқасымен
функциясы таңдалған
уақытта ол жұмысын жалғастырады. Тағам
дайындау режимі таңдалғанда ол қосылып тұрады.
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау
режимдерінің барлығына 60°C пен МАКС
аралығында кез келген температура мәні орнатылуы
мүмкін:
ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС (Ең жоғары) деңгейін
орнатыңыз)
ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері
қосылады. Тағам дайындаудың дағдылы
режимін пайдаланғанда тек бір тағам дайындау
тартпасын пайдаланған дұрыс, бірден көп тартпа
қолданылғанда пеш ішіндегі температура бірдей
болмауы мүмкін.
MULTI-COOKING (КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ)
режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі және
астыңғы) және желдеткіш қосылады. Пештің қызуы
тұрақты болатындықтан ауа тағамды біркелкі
қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны
пайдалануға болады.
ҮСТІҢГІ ПЕШ режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Бұл
режимді тағамды дайындаудың аяғында қызарту
үшін пайдалануға болады.
ГРИЛЬ (GRILL) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Грильдің
аса жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған
етті жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай
отырып, олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жоғары бет температурасын қажет ететін
тағамдарға грильді пайдаланған абзал: бифштекс,
сиыр еті, қабырға стейкі, белдеме, гамбургерлер
және т.б. Кейбір мысалдар «Тағам дайындау
бойынша кеңес» параграфында берілген. Бұл
режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым
жабық тұруы қажет.
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Астыңғы және айналмалы қыздыру элементтері мен
желдеткіш қосылады. Осы мүмкіндіктердің жиыны
пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы
қыздыру элементтерінің бір бағытқа жылылық
бөлуінің тиімділігін арттырады. Бұл тағамды күйіп
кетуден сақтауға көмектеседі және жылудың
тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Бұл
режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым
жабық тұруы қажет.
44
Seitenansicht 43
1 2 ... 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare