Indesit TCS 73B GP (EU) Bedienungsanleitung Seite 79

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 80
  • Inhaltsverzeichnis
  • FEHLERBEHEBUNG
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 78
79
KZ
Ақаулықтарды жою
Кептіргіш дұрыс жұмыс істемей тұр деп ойласаңыз, Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласпас бұрын мына
ақаулықтарды жоюға қатысты ұсыныстарды қарап шығыңыз
(«Көмек» тарауын қараңыз).
Кептіргіш қосылмайды.
Айыр түйісетіндей розеткаға толығымен кіргізілмеген.
Ток өшкен.
Сақтандырғыш жанып кеткен. Сол розеткаға басқа құрылғыны қосып көріңіз.
Ұзартқыш сым пайдаланылған болса, кептіргіш айырын розеткаға тікелей қосып көріңіз.
Есік дұрыс жабылмаған.
Бағдарлама дұрыс орнатылмаған («Кептіру циклын орындау жолы» тарауын қараңыз).
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған («Кептіру циклын орындау жолы» тарауын қараңыз).
Құлыптаулы функциямен жабдықталған құрылғыларда опцияның қосылмай тұрғанын тексеріңіз («Бағдарламалар жəне
опциялар» тарауын қараңыз).
Кептіру циклы басталмайды.
Кешіктіріп бастау уақыты орнатылған («Бағдарламалар жəне опциялар» тарауын қараңыз).
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылған; кептіргіш басталғанша қысқа кешігу орын алады. Кептірудің басталуын
күтіңіз;
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін қайтадан баспаңыз, әйтпесе кептіргіш тоқтап қалып, кептіру басталмайды.
Кептіру уақыттары тым ұзақ.
Сүзгі тазаланбаған («Күтім көрсету жəне техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Су ыдысын босату керек пе? «Су ыдысын босату» индикатор шамы жыпылықтайды («Күтім көрсету жəне техникалық қызмет
көрсету» тарауын қараңыз).
Конденсорды тазалау қажет («Күтім көрсету жəне техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Қызу параметрі кептірілетін мата түріне қолайлы емес («Бағдарламалар жəне опциялар» тарауын қараңыз).
Жұк түрі үшін дұрыс емес кептіру уақыты таңдалған («Кірлер» тарауын қараңыз).
Ауа кіргізу торы немесе артқы жақтағы саңылаулар бітеліп қалған («Орнату» жəне «Күтім көрсету жəне техникалық
қызмет көрсету» тарауларын қараңыз).
Заттар тым дымқыл («Кірлер» тарауын қараңыз).
Кептіргішке тым көп зат салынған («Кірлер» тарауын қараңыз).
«Су ыдысын босату» индикатор шамы жыпылықтайды
Су бөтелкесі бағдарламаны бастамас бұрын босатылмаған. Жаңа кептіру бағдарламасын іске қоспас бұрын оны
босатып қою керек (Кептіргіштің сипаттамасын қараңыз) - су ыдысын босатпас бұрын бөтелке толғанын білдіретін
сигналдың берілгенін күтпеңіз (сигнал 5 секунд сайын беріледі жəне индикатор шамы жыпылықтайды).
Бағдарлама аяқталады, бірақ заттар күтілгендей құрғақ болмайды.
!
Қауіпсіздік мақсатында, кептіргіш бағдарламалары ең көбі 4 сағат орындалады. Егер автоматты бағдарлама қажетті соңғы
дымқылдық деңгейін сезбесе, бұл уақытта кептіргіш бағдарламаны аяқтап, тоқтайды. Жоғарыдағы жағдайларды тексеріп,
бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз, егер кірлер әлі де тым дымқыл болса, Техникалық көмек көрсету орталығына
хабарласыңыз («Көмек» тарауын қараңыз).
Кептіргіш жұмыс істеп бастаған кезде бірнеше минут көп шуыл шығарады.
Бұл қалыпты жағдай, әсіресе кептіргіш ұзақ уақыт қолданылмаған болса. Бүкіл кептіру циклы бойынша шуыл естіліп
тұрса, Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кептіргіштің басқару тақтасындағы шамдар өшіп тұр, бірақ кептіргіш қосулы.
Қуатты үнемдеу үшін кептіргіш күту режиміне өткен. Кептіргішті қосып кеткен болсаңыз немесе ток өшкен болса, бұл орын алады. Ол
30 минуттан кейін орын алады:
-
бағдарламаны бастамай, кептіргішті қалдырып кетсеңіз;
-
кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін.
Кептіргіш әрекетін қайта іске қосу үшін тұтқаны қалаулы позицияға бұраңыз
(бағдарламаны іске қосу үшін ІСКЕ ҚОСУ/
КІДІРТУ
түймесін басыңыз). ӨШІРУ күйі кептіргішті өшіреді.
Seitenansicht 78
1 2 ... 74 75 76 77 78 79 80

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare