Indesit ECOT7D 1492 EU Bedienungsanleitung Seite 62

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 72
  • Inhaltsverzeichnis
  • FEHLERBEHEBUNG
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 61
62
KZ
Орнату
! Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып қалмайтындай
бір жерге сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса, тасымалданса
немесе көшірілсе, нұсқаулық құрылғымен бірге болатынын
қамтамасыз етіңіз, солайша жаңа иесі оның жұмысы мен
мүмкіндіктерімен танысады.
! Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның ішінде
орнату, пайдалану және қауіпсіздік туралы ақпарат бар.
Қаптамадан алу және түзулеу
Қаптамадан алу
1. Кір жуғыш машинаны
қаптамасынан алыңыз.
2. Кір жуғыш машина
тасымалданған кезде
зақымдалмағанын
тексеріңіз. Зақымдалған
болса, оны орнатпаңыз
және сатушыға
хабарласыңыз.
3. Құрылғының артқы
жағында орналасқан 4
қорғаныш бұрандасын
және тиісті төсемі бар
резеңке тығырықты
алып тастаңыз (суретті
қараңыз).
4. Тесіктерді бірге берілген пластикалық тығындармен
жабыңыз.
5. Барлық бөлшектерді сақтап қойыңыз: кір жуғыш
машина басқа жерге тасымалданатын болса, олар
керек болады.
Ескерту: бұрандалар қайта қолданылатын болса,
жоғарғы жақтағы қысқа бұрандаларды бекітуді
ұмытпаңыз.
! Қаптама материалдарын балалардың ойыншығы
ретінде қолдануға болмайды.
! Ораушы және жеке оның элементтерi азықпен
байланысу үшiн арналмаған.
Түзулеу
Алдыңғы екі аяғы дұрыс реттелмеген болса, кір
жуғыш машина бірталай шуыл шығаруы мүмкін.
1. Кір жуғыш машинаны
қ аб ы р ға ғ а , ж и һ аз ғ а ,
шкафқа немесе басқа затқа
сүйемей, тегіс әрі қалыпты
еденге орнатыңыз.
2. Еден түзу болмаса, алдыңғы аяқтарды қатайту немесе босату
арқылы құрылғыны түзулеңіз (суретті қараңыз); құрылғының
үстіңгі жағымен салыстырып өлшенген еңкею бұрышы 2°-тан
аспауы керек.
Құрылғыны дұрыс түзулеу оған тұрақтылық береді және
жұмыс істеген кезде дірілдеуіне, шуыл шығаруына және
қозғалуына жол бермейді. Кір жуғыш машина бекітілген
немесе бос жатқан кілемге қойылса, аяқтарын оның астында
вентиляция үшін жеткілікті орын болатындай реттеу керек.
Электр және су қосылымдары
Судың кіріс түтігін жалғау
1. Су жеткізу түтігін суық
су шүмегіне 3/4 газдық
бұранда қосылымын
пайдалана отырып
бұрап жалғаңыз (суретті
қараңыз).
Жалғамас бұрын су
тап-таза болғанша, оны
ағызып алыңыз.
2. Кіріс түтігінің екінші
жағын кр жуғыш
машинаның артқы
жағының жоғарғы оң
жағында орналасқан су
кірісіне бұрау арқылы
жалғаңыз (суретті
қараңыз).
3. Түтікте ешқандай қиылыстар немесе майысулар
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
! Шүмектегі су қысымы Техникалық мәліметтер
кестесінде көрсетілген мәндер аралығында болуы
тиіс (келесі бетте).
! Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса,
мамандырылған дүкенге немесе куәландырылған
қызмет көрсету маманына хабарласыңыз.
Seitenansicht 61
1 2 ... 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 ... 71 72

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare