Indesit CAWD 129 (EU) Bedienungsanleitung Seite 82

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 84
  • Inhaltsverzeichnis
  • FEHLERBEHEBUNG
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 81
82
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың дұрыс
мөлшеріне де байланысты болады: тым көп жуғыш зат
қосылса, жуу міндетті түрде тиімдірек болмайды және
шынында құрылғы ішінде қалдықтардың түзілуіне және
қоршаған ортаны ластауға әкелуі мүмкін.
! Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды
қолданбаңыз, себебі олар тым көп көбік түзеді.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, жуғыш затты
немесе жуғыш
қосындыны төмендегідей
салыңыз.
1-бөлік: Жуу циклына арналған жуғыш зат (ұнтақ
немесе сұйықтық)
Сұйық жуғыш затты жуу циклы басталмас бұрын сәл
уақыт қалғанда құю керек.
2-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
қосымша 3-бөлік: Ағартқыш
Ағарту циклы
Ағартуды тек 1, 2, 6 жуу циклдарымен бірге
орындауға болады.
Ағартқышты 3-бөлікке құйыңыз; жуғыш зат пен
кондиционерді тиісті бөліктерге құйыңыз, одан кейін
жоғарыда айтылған жуу циклдарының бірін таңдаңыз.
Бұл опция тек өте қатты кірленген мақта киімдерге
ұсынылады.
Кірлерді дайындау
• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
«Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі
мәндерден асырып жібермеңіз, онда кірлердің
құрғақ кездегі салмағы берілген.
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
M
AX
1
3
2
Арнайы күтімді қажет ететін киімдер
Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы 9уу циклын
қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға арналған арнайы
жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер: оларды берілген дорбаға бүктеп салу
керек. 9-жуу циклын қолданыңыз.
Жүн - Woolmark Apparel Care - Green:
Осы құрылғының «Жүн» жуу циклы киім
жапсырмасындағы нұсқауларды және осы кір
жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын орындау
шартымен, The Woolmark Company тарапынан
«қолмен жуу» деп белгіленген жүн киімдерін жууға
расталған. (M1126)
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, шамадан тыс дірілдеудің
алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін,
барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл
көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер
бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе,
құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында
айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген
болса, кір жуғыш-кептіргіш машина сығу орнына
тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен
теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді
аралас салуды ұсынамыз.
Қыртыстарға қарсы функция
Бұл функция жуу бағдарламасын тоқтатады және
құрылғыдан су ағызылғанша, кірлер суға салынып
қойылады.
Оны тек 9 (жібек/перделер) бағдарламасымен ғана
пайдалануға болады және ол қыртыстардың түзілуіне
жол бермейді.
Циклды аяқтау үшін START/PAUSE түймесін басыңыз.
Seitenansicht 81
1 2 ... 77 78 79 80 81 82 83 84

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare