Indesit WIUN-82-(CSI) Bedienungsanleitung Seite 20

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 24
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 19
20
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат диспенсері
Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың
дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым
көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде
тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде
қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны
ластауға әкелуі мүмкін.
Жуғыш зат диспенсерін
ашып, жуғыш затты
немесе кондиционерді
төмендегідей құйыңыз.
1-бөлік: Алдын ала жууға арналған жуғыш зат
(ұнтақ)
Жуғыш затты салмас бұрын, қосымша 4-бөлік
алынғанына көз жеткізіңіз.
2-бөлік: Жуу циклына арналған жуғыш зат (ұнтақ
немесе сұйықтық)
Сұйық жуғыш затты жуу циклы басталмас бұрын сәл
уақыт қалғанда құю керек.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер сызықтан асып кетпеуі керек.
қосымша 4-бөлік: Ағартқыш
! Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды
қолданбаңыз, себебі олар тым көп көбік түзуі мүмкін.
Ағарту циклы
! Әдеттегі ағартқышты төзімді ақ маталарға, ал
нәзік ағартқышты түрлі түсті маталарға, синтетика
мен жүнге қолдану керек.
Қосымша 4-бөлікті,
бірге беріледі, 1-бөлікке
қойыңыз.
Ағартқышты құйған
кезде ортаңғы
өзекте белгіленген
«max» деңгейінен
асып кетпеуге назар
аударыңыз (суретті
қараңыз).
Ағарту циклын бөлек іске қосу үшін ағартқышты
4-бөлікке құйып, «Шаю» бағдарламасын
(мақта
маталар үшін) немесе нәзік Шаю бағдарламасын
(синтетикалық маталар үшін) орнатыңыз және
Дақтарды кетіру опциясын қосыңыз (19-бетті
қараңыз).
Жуу циклы барысында ағарту үшін, жуғыш зат пен
қолданғыңыз келетін кез келген кондиционерді
құйыңыз, одан кейін қажетті жуу циклын орнатып,
Дақтарды кетіру опциясын қосыңыз (19-бетті
қараңыз).
Қосымша 4-бөлік пайдаланылса, алдын ала жуу
циклы жұмыс істемейді.
Кірлерді дайындау
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба.
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден
бөліңіз.
Қалталарды босатып, босап кеткен түймелерді
тексеріңіз.
Құрғақ күй үшін берілген төмендегі салмақ
шектерінен асып кетпеңіз:
Төзімді маталар: ең көп 3,5 кг
Синтетикалық маталар: ең көп 1,8 кг
Нәзік маталар: ең көп 1,5 кг
Жүн: ең көп 1 кг
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Арнайы заттар
Перделер: перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе
тор сөмкеге салыңыз. Құрылғы жүгінің жартысынан
аспай, оларды бөлек жууңыз. Сығу циклын
автоматты түрде алып тастайтын 11 бағдарламасын
пайдаланыңыз.
Сырып тігілген пальтолар және жел өткізбейтін
курткалар: олар қаз немесе үйрек мамығымен
толтырылған болса, оларды кір жуғыш машинада
жууға болады. Киімдердің ішін сыртқа қаратыңыз
және ең көбі 2-3 кг салыңыз, шаю циклын бір немесе
екі рет орындап, нәзік сығу циклын қолданыңыз.
Кроссовкалар: балшықтан тазартыңыз. Оларды
джинсы және басқа да төзімді киімдермен, ақ
киімдерден басқа, жууға болады.
Жүн: ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы
жуғыш затты пайдаланыңыз және 1 кг-нан
асырмаңыз.
1
2
3
4
Seitenansicht 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare