Indesit CI3V P67(X) RU/HA Bedienungsanleitung Seite 33

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 32
23
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу
қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Сантехникалық фарфор конфорка температура
ауытқулары мен келең өзгерістерге төзімді.
Дегенмен, өткір асүйлік құралдар немесе
пышақтар конфорканың бетін сындыруы мүмкін.
Мұндай жағдай орын алса, пешті розеткадан
дереу ағытып, тек өкілеттік сатудан кейін қызмет
көрсететін орталыққа хабарласыңыз және тек
түпнұсқа бөлшектерді қолданыңыз. Жоғарыдағы
шарт орындалмаса, құрылғының қауіпсіздігі
бұзылуы мүмкін.
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе
2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған)
құрылғымен бірге беріледі.
Пешті балалардан аулақ ұстаңыз.
Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында
жанғыш сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.)
қолданбаңыз.
Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне
жанғыш материалдар салуға болмайды. Егер
байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың
жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар «•»
позициясында тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым
айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, оны
ешбір жағдайда өз басыңызбен жөндеуге
әрекеттенбеңіз. Тәжірибесіз адам тарапынан
жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының
істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы
мүмкін. Көмек көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Пеш табанға орналастырылатын болса, одан
сырғып кетпейтіндей сақтық шараларын қолға
алыңыз.
Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды
қоймаңыз.
Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі
мүмкін.
Қоқысқа тастау
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай
жергілікті заңды қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс
жәшігі өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға
қатысты міндетін еске салады. Үй құрылғыларын
тиісті түрде қоқысқа тастау туралы қосымша
ақпарат алу үшін ие адамдар жергілікті басқару
мекемелеріне немесе сатушыға хабарласуы тиіс.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ және ГРАТИН режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою
қажет: бұл қуатты сақтай отырып (шамамен 10%),
жақсы нәтижеге қол жеткізеді.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
Seitenansicht 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare