Indesit 7OFTR 850 (AN) RU/HA Bedienungsanleitung Seite 26

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 32
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 25
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимі
Грильдің жоғарғы және тіке температурасы қабаттың
жоғарғы температурасын қажет ететін тағамдар үшін
ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі
әрдайым жабық тұруы қажет.
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Астыңғы және айналмалы қыздыру элементтері мен
желдеткіш қосылады. Осы мүмкіндіктердің жиыны
пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы қыздыру
элементтерінің бір бағытқа жылылық бөлуінің тиімділігін
арттырады. Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға
көмектеседі және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда пештің
есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
Бұрылмалы істік*
Гриль істігі функциясын іске
қосу үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз
.
2.
Гриль тірегін үшінші
позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз
.
3. Істікте қуыру функциясын немесе
режимдерін таңдау арқылы іске қосыңыз;
Пісіруді бағдарламалау
Жедел басталатын тағам дайындау уақытын
бағдарламалау
1. БАҒДАРЛАМА тұтқасын қажетті уақыт көрсетілгенше
сағат тіліне қарсы бұраңыз.
2. БАҒДАРЛАМА тұтқасын тартып таңба ағымдағы
уақытқа сәйкес болғанша сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Сырт еткен дыбыс жоспарлау кезеңінің біткенін
хабарлайды.
3. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз. Пеш жедел қосылып,
жоспарланған тағам дайындау уақыты бітпей өшпейді.
4. Орнатылған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
Пісіру процесін тоқтату үшін БАҒДАРЛАМА тұтқасын“
белгісі көрсетілгенше сағат тіліне қарсы бұраңыз.
5. SELECTOR (РЕТТЕУ) тұтқасын “0” позициясына бұраңыз.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Кідіртіліп басталатын тағам дайындау уақытын
бағдарламалау
1. БАҒДАРЛАМА тұтқасын қажетті уақыт көрсетілгенше
сағат тіліне қарсы бұраңыз.
2. БАҒДАРЛАМА тұтқасын тартып, таңба тағам дайындау
басталу уақытына сәйкес болғанша сағат тіліне қарсы
бұраңыз.
3. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз. Пеш жоспарланған
тағам дайындауды бастау уақытында қосылады және
көрсетілген тағам дайындау уақыты аралығында өшпейді.
4. Орнатылған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
Пісіру процесін тоқтату үшін БАҒДАРЛАМА тұтқасын“
белгісі көрсетілгенше сағат тіліне қарсы бұраңыз.
5. SELECTOR (РЕТТЕУ) тұтқасын “0” позициясына бұраңыз.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат 15
минутқа орнатылсын, ал басталу уақыты сағат 11:00
деп орнатылсын. Бағдарлама автоматты түрде сағат
11:00-де басталып, сағат 12:15-те тоқтайды.
! Бағдарламаны тоқтату үшін БАҒДАРЛАМА тұтқасын
белгісі көрсетілгенше сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! BARBECUE (БАРБЕКЮ) және GRATIN (ГРАТИН)
режимдерінде тағамның қалдықтарын (май сияқты)
жинау үшін тұтқалы табаны бірінші позицияға
орналастырыңыз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы тартпаға салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны үстіңгі
жаққа орнатыңыз.
BARBECUE (БАРБЕКЮ)
Тартпаны 3 немесе 4-позицияға орналастырыңыз.
Тағамды тартпаның ортасына салыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады.
Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі
және тұрақты күйде қосылып тұрмауы мүмкін.
ПИЦЦА
Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз (пісіру мерзімін ұзарту арқылы
қытырлақ болуына кедергі жасайды).
Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру үрдісінің
ортасында пиццаның үстіне моцарелла ірімшігін қосу
ұсынылады.
26
KZ
Seitenansicht 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare