Indesit PIM 604 Bedienungsanleitung Seite 48

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 48
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 47
48
KZ
Күйі
0
1
2
3
4
5
6
Кəдімгі жəне жылдам конфорка
Қосылған
көкөністер мен балық əзірлеу
Картопты буға пісіру, сорпа, фасоль дайындау
Үлкен көлемдегі тағамдарды əзірлеу жəне ұстау
Қуыру (орташа)
Қуыру (қаттырақ)
Қытырлақ болғанша қуыру, қайнағанша
! Электр конфоркаларын алғаш пайдаланғанда
оларды максималдық температурада, ешқандай ыдыс
қоймай, шамамен 4 минуттай қыздырып алу керек.
Осы процестің бастапқы операциясында қорғаныс
жамылғысы қаттыланып, максималдық беріктікке жетеді.
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұйым қауіпсіздік бойынша халықаралық нормативтерге
сәйкес жоспарланған және дайындалған.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрастырылған осы
сақтандыруды аса мұқият оқыңыз.
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы
талаптар
Бұл құрылғы 3 класқа жататын қосалқы тұрмыстық
электр құрылғысы болып табылады.
Басқару бұйымның паспорттық кестесінде және
нұсқамасында келтірілген елдерге ғана жарамды
болып табылады.
Бұл бұйым үй шарттарында кәсіби емес тұрғыда
пайдалануға арналған.
Бұйымды көшеге, бастырма астында орнатуға тыйым
салынады, өйткені оған жаңбыр және нажағайдың
әсері өте қауіпті болып саналады.
Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен
жақындамаңыз.
Бұйым тағамдық өнімдерді дайындауға арналған, оны
осы техникалық нұсқаулықта көрсетілген ережелерге
сәйкес тек ересек адамдар ғана пайдалана алады.
Басқа тұрмыстық электрожабдықтардың электр қуаты
өткізгіштерімен, бұйымның ыстық бөліктерімен жақын
байланысқа түспеңіз.
Желдеткіш торларды және ыстықты басатын
тесіктерді жаппаңыз.
Бұйым пайдаланылмағанда, тұтқалары " / "
жағдайында болуын ылғи тексеріңіз.
Бұйымның вилкасын тоқ көзінен суыру үшін желі
шнурынан тартпаңыз, вилканың өзінен ұстап суырыңыз.
Бұйымның тазалау немесе техникалық жұмыстар
жасау үшін штепсельді вилканы тоқ көзінен суырыңыз.
Жөнделмейтін жағдайда, бұйымның ішкі
мехнанизмдерін өз бетінше жөндеу жұмыстарын
жүргізу үшін ашуға тыйым салынады. Техникалық
қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыздар
ехникалық қызмет көрсетуді қара).
Духовка шкафының ашық тұрған есігіне ауыр
заттарды қоймаңыз.
Пісіру панеліндегі кастрөл тұтқалары сіздің
байқаусызда қолыңыз тиіп кетпейтіндей болып тұруын
қадағалаңыз.
Егер газ және электр конфоркалары ыстық болып
тұрса, пісіру панелінің шыны қақпағын (егер ол болса)
жаппаңыз.
Ыстыққа шыдамсыз ыдысты пайдаланбаңыз.
Утильдеу
Орайтын заттарды жою: орайтын заттарды қайта
өңдеу бойынша жергілікті нормативтерді сақтаңыз.
Электронды және электрлі электрожабдықтарын
қайта өңдеу бойынша 2012/19СЕ Еуропалық
Директивке сәйкес электрожабдықтар кәдімгі қала
қоқысымен бірге лақтырылмауы керек. Пайдалануға
жарамсыз заттар оларды құрайтын материалдарды
қайта өңдейді және рекуперациялауды оңтайландыру,
сонымен қатар қоршаған ортаның және денсаулық
қауіпсіздігі үшін бөлек жиналуы керек. Барлық
жабдықтардағы қоқыс себетін өшірген белгі, олардың
бөлек қайта өңделетіндігін көрсететін белгі. Тұрмыстық
электрожабдықтарын дұрыс қайта өңдеу туралы нақты
ақпаратты алу үшін тұтынушылар арнайы мемлекеттік
ұйымдарға немесе дүкенге хабарласуы керек.
Барлық тұрмыстық электр бұйымдарын жетекші
өндірушілер ескі электр бұйымдарын жинау және
қайта өңдеу бойынша жүйе жасау және басқару
бойынша көмек береді.
Жөндеу және күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш
заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты
қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола сызып
тастауы мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас
үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
Электр конфоркаларды дымқыл шүберекпен тазалау
және әлі жылы болған кезде біраз маймен майлау
керек.
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған
қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор
бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін.
Тазалағаннан кейін қалған су тамшыларын сүртіп
алыңыз.
195045732.07
01/2013 - XEROX FABRIANO
Seitenansicht 47
1 2 ... 43 44 45 46 47 48

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare