Indesit KN1M11S(W)/BA S Bedienungsanleitung Seite 83

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 84
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 82
83
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен сериялық нөмір
тілімшесінде таңбалары көрсетілген елдер үшін
жарамды.
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық
немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
Нұсқаулық кітапшасы 1-сынып (оқшауланған)
немесе 2-сынып - 1-ішкі сынып (2 шкаф арасына
орналастырылған) құрылғымен бірге беріледі.
Балаларды пештен аулақ ұстаңыз.
Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық
жерлерді ешқашан жаппау керек.
Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық
болғанда плитаның шыны қақпағын (тек кейбір
модельдерде) жаппаңыз.
Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған
кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
Құрылғыны қолданған кезде оны маңына жанғыш
сұйықтықтар (спирт, бензин және т.б.) қоймаңыз.
Төменгі сақтау бөліміне немесе пештің өзіне жанғыш
заттар салмаңыз. Егер байқаусызда құрылғы қосылса,
бұл заттардың жануы мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде тұтқалар • позициясында
екенін және газ шүмегі жабылғанын тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айырғышты
ұстап тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, оны ешбір
жағдайда өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Қоқысқа тастау
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты
қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы
тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін
зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар
қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды
өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім
иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін
еске салады.
Қолданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс жинау
қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті жинау
орындарына апаруға немесе, ағымдағы ұлттық
заңдар рұқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге ауыстыру
үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы бойынша қайтаруға
болады.
Үй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері ескі
және қолданыстан шыққан құрылғыларды жинау
және тастау жүйелерін жасауға және ұйымдастыруға
қатысады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші
желілік компаниялардың ең жоғары жүктемесін
азайтуға көмектесе аласыз.
Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап
сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын
болдырмайсыз.
Seitenansicht 82
1 2 ... 78 79 80 81 82 83 84

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare