Indesit KN1M117S(W)/RU Bedienungsanleitung Seite 43

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 44
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 42
43
KZ
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш
заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты
қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы суға
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен тазартылады.
Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді
пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны жақсылап
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе
таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Плитаның торларын, оттық қақпақтарын, жалын
қақ жарғыш сақиналарын және плита оттықтарын
шешіп алып тазалауды жеңілдетуге болады;
оларды ыстық су мен қырғыш емес тазартқыш
затта жуыңыз да, жақсылап кептірер бұрын қатып
қалған қалдықтарды кетіргеніңізге көз жеткізіңіз.
Электрондық тұтату функциясы бар плиталарда
электрондық тұтату құралының ұшын жиі тазалап,
газ шығатын тесіктердің бітеліп қалмауын тексеріп
отыру қажет.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес
тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен
мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты
жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш
машинаға жууға болады.
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып,
мұқият құрғатыңыз. Сондай-ақ, қалып қойған
барлық су тамшыларын сүртіп алу қажет.
Қақпақ
Пеш шыны қақпақпен
жабдықталған болса, бұл
қақпақты жылы сумен
тазалау керек. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Плитаның артқы жағын
тазалауды жеңілдету
үшін қақпақты шешіп
алуға болады. Қақпақты
толығымен ашып, оны
жоғары қарай тартыңыз
(суретті қараңыз).
! Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық
болғанда қақпақты жаппаңыз.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі
Өкілетті сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды
бұру қиындауы мүмкін. Бұл жағдай орын алса,
шүмекті ауыстыру қажет.
! Бұл процедураны өндіруші өкілет берген білікті
маман орындауы тиіс.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан
кейін шам ұясын жауып тұрған
шыны қақпақты шешіп алыңыз
(суретті қараңыз).
2. Шамды алып, оны сондай
басқа шаммен ауыстырыңыз:
кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт,
цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып, пешті токқа қайтадан қосыңыз.
Көмек
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
! Пеш шамын бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Seitenansicht 42
1 2 ... 38 39 40 41 42 43 44

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare