
27
KZ
• Желдеткіш шығаратын шу: желдеткіш плитаның
дұрыс жұмысы жəне электрондық блокты қызып кетуден
сақтау үшін қажет. Үлкен индукция элементі максималды
қуат деңгейінде тұрғанда немесе күшейткіш функциясы
қосулы болғанда, желдеткіш максималды қуатпен
жұмыс істейді; басқа жағдайлардың барлығында
ол анықталған температураға байланысты орташа
қуат деңгейінде істейді. Сонымен қатар анықталған
температура жоғары болса, желдеткіш
плитаны
өшіргеннен кейін де істеп тұруы мүмкін.
Жоғарыда берілген дыбыс түрлері индукция
технологиясына байланысты шығады жəне олардың
ақаулық болуы міндетті емес.
!
(-) немесе (+) түймесі ұзақ басылып тұрса, дисплей
жылдам қуат деңгейлері мен минут сандарын көрсетіп
шығады.
Бастапқы жарық жағдайлары
Қуат басында пісіру тақтасына қолданылғанда,
сенсорлы тақта сенсорлы түймелерге арналған
дəлдеу процесін жүргізеді, ол үшін сенсорлы
түймелер аймағындағы жалпы жарық төмен деңгейде
болуы керек.
Дəлдеу процесі барысында жалпы жарықтың
мөлшері артық болса, пайдаланушы интерфейсінде
"FL" (Инфрақызыл жалпы жарық қатесі) жазуы
көрсетіліп, басқаруды дəлдеу процесі тоқтатылады.
Процесті жалғастыру үшін, дəлдеу процесіне əсер
ететін барлық жарық көздерін өшіру қажет (мысалы:
сорғыштың галогендік жарығы). Жалпы жарық деңгейі
қажетті мөлшерде болғанда, қате жоғалып, сенсорлы
тақтаны дəлдеу процесі соңына дейін жетеді.
-"FL" қатесі пісіру тақтасын қосқаннан кейін шамамен
3 с ішінде көрсетіледі.
-Пісіру тақтасын алғаш рет қосқанда, сорғыш
жарығын жəне тақтаға түсіп тұрған барлық жарық
көздерін өшіріп
қойған дұрыс.
-Сенсорлы басқару тақтасы бастапқы дəлдеу
процесін тапқаннан кейін (шамамен 3 с), сорғыштың
жəне басқа да жарық көздерін жаға беруге болады,
олар сенсорлы тақтаның жұмысына əсер етпейді.
*
Белгілі бір үлгілерде ғана бар.
Плитаны қосу
Қуат басында пісіру тақтасына қолданылғанда,
сенсорлы тақта сенсорлы түймелерге арналған
дəлдеу процесін жүргізеді, ол үшін сенсорлы
түймелер аймағындағы жалпы жарық төмен
деңгейде болуы керек. Жалпы жарық мөлшері
артық болса, пайдаланушы интерфейсінде "FL"
қатесі көрсетіліп, дəлдеу процесі тоқтатылады.
Жалпы жарық деңгейі қажетті мөлшерде болғанда,
қате жоғалып, сенсорлы тақтаны дəлдеу процесі
соңына дейін жетеді
Плитаны электр желісіне қосқаннан кейін, сенсорлы
тақта автоматты түрде құлыпталып қалуы мүмкін.
Тақтаны құлыптан босату үшін, басқару тақтасын
құлыптау түймесін басып тұрыңыз.
Плитаны қосу үшін, түймесін бір секундтай басып
тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал берілгенде, плита қосылып,
пісіру аймақтарының дисплейінде "0" көрсетіледі
Плитаны өшіргенде, 5 секундтан кейін ешқандай қате/
дабыл берілмесе жəне көрсетілетін қалдықтық жылу
қалмағанда, қуатты үнемдеу үшін басқару тақтасы
өшеді (ТҮЙМЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ ЖД)
.
Қандай
да бір түймені түрткенде, (ТҮЙМЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ
ЖД)
жанады жəне жұмысты жалғастыра беруге
болады.
Плитаны өшіргенде, 3 дыбыстық сигнал беріледі.
Қуат реттегішін орнату
Плитаның максималды қуат деңгейін (7200 Вт)
пайдаланушы 2800 Вт, 3500 Вт немесе 6000 Вт (ЭКО
қуат шектеулері) шамасына дейін төмендете алады.
Жаңа қуат шектеуін орнату реті:
Құралды қуат көзіне қосқаннан кейінгі 30 секунд
ішінде
Сенсорлы тақтаны құлыптан шешіп,
қыздырғыштарды өшіру қажет
Сол жəне оң жақ шеткі қыздырғыштардың [+] жəне [-]
түймелерін басыңыз.
Сонда дыбыстық сигнал беріліп, таймер
дисплейлерінде "Po" таңбалары
көрсетіліп, сол жəне
оң жақ шеткі қыздырғыштардың дисплейлерінде
"actual Cooktop Power Limit" (плита қуатының нақты
шектеуі) жазылып шығады.
Жаңа қуат шектеуін таңдау үшін:
·(+) жəне (-) түймелерімен қуатты шектеу мəнін
арттыруға болады. Таңдауға болатын қуат мəндері:
2800 Вт, 3500 Вт, 6000 Вт жəне 7200 Вт. Қуат деңгейі
7200 Вт болғанда, [+] немесе [-] түймесін түртсе, ол
2800 Вт мəніне өзгереді.
Kommentare zu diesen Handbüchern