Indesit GPL 64L CI RFH Bedienungsanleitung Seite 24

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • FEHLERBEHEBUNG
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 23
24
KZ
! Бұл нұсқаулықты бұдан әрі де кеңес беру үшін
сақтау қою маңызды. Сатқан, біреуге берген немесе
қоныс аударған жағдайда, жаңадан алған иесі оны
пайдалану ережелерін және тиісті сақтандыруларды
білуі үшін осы нұсқаулық бұйыммен бірге болуы керек.
! Нұсқаулықпен мұқият танысыңыздар: онда
бұйымды орнату, пайдалану және оның қауіпсіздігі
туралы маңызды мәліметтер бар.
Орналастыру
! Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат
бермеңіздер. Орам материалдары қалдықты бөліп
жинау ережесіне сәйкес жойылуы тиіс. (Сақтандыру
және ұсыныстарды қара).
! Бұйымды орнату осы нұсқаулыққа сәйкес, білікті
мамандардың көмегі арқылы жүзеге асырылады.
Бұйымды дұрыс емес орнату мүлікке зақым келтіруі
және адамдардың және үй жануарларының өміріне
қауіп тудыруы мүмкін.
! Бұйым үнемі желдетуі бар жайларда сол елдің
қолданыстағы нормативтік ерекшеліктеріне сәйкес
орнатылуы мүмкін. Келесі талаптар сақталуы керек:
Жайда сорғыш зонт және электр желдеткіш
түрінде жасалған, әр бұйым іске қосылған сәт
сайын автоматты түрде қосылатын түтінді ауаға
шығару жүйесі қарастырылуы керек
Бұйым орнатылатын жайларда газдың жануына
барынша қажетті көлемдегі ауа тасқыны
қамтамасыз етілуі керек. Ауа шығыны белгіленген
күштен 1 кВТ үшін 2 м<+>3/сағ кем болмауы керек.
Торлармен қоршалған,
желдеткіш тесіктері пайдалы
қисықтары 100см
2
кем емес
ауданда ауа өткізгіштігі
болуы керек және олардың
кейбір бөліктері де жабылып
қалмайтындай күйде
орналасуы тиіс.
• Бұл тесіктер, егер
пісіру панелі от жанбай
тұрған кезде сақтандыру
қондырғыларымен
жабдықталмаса және ауа
үйдің жалпы аумағына
жатпайтын көршілес
жайлардан, жоғарыда
аталғандай көшеге қарайтын
өртке қарсы жайлардан немесе желдеткіші бар
жатын бөлмелерден келіп тұрса ауа қақпасын
қоюға болады.
Сұйылтылған пропан-бутан ауадан ауырлау,
төменде тұнып қалады, осы себептен СТГ
(сұйытылған табиғи газ) бар баллондарды
сақтауға арналған жайлардың едендерінде
мүмкіндіктегі шыққан газды желдету үшін
желдеткіш тесіктері болуы керек. СТГ
баллондары, толы немесе жартылай
пайдаланылғандары жертөлелерде, жер асты
жайларда орналасуы немесе сақталмауы керек.
Жайларда жұмыс баллондарын 50 0 С жоғары
температурада қыздыра алатын, жылу көздерінен
(духовка, пеш, камин) алыстау орнатып барып
қана сақтаңыз.
Қоса жасалған монтаж
Газ және газ-электрлі пісіру панелдері артық қызып
кетпес үшін Х класындағы жүйемен жабдықталған,
сондықтан да ас үй пешін асүй жиһаз элементтерінің
жанына орнатуға болады, олардың биіктігі пісіру
панелінен асып кетпеуі керек. Пісіру панелін дұрыс
орналастыру үшін келесі іс-шаралар сақталуы керек:
Асүй пешінің жанында орналасқан, биіктігі пісіру
панелінен артық емес асүй элементтері арасындағы
арақашықтық 600 мм кем емес болуы керек.
Сорып шығару қондырғысы оның пайдалану
нұсқаулығына сәйкес және кез келген жағдайда
650 мм биіктіктен аспайтын арақашықтықта
орналасуы керек.
Сорғыш қондырғыға қоса берілген аспалы
шкафтарды жұмыс жасайтын бетінен 420 мм кем
емес биіктікте орналасуы керек (суретті қара).
Егер пісіру панелі аспалы
шкафтың астына қойылатын
болса, соңғысы асүй жылыту
пешінен 700 мм қашықтықта
орналасуы керек (суретті
қара).
Асүй элементінің төменгі жағының өлшемі суреттегіге
сәйкес келуі керек. Бекіту кешеніне нығайту пісіру
панелін асүйдің қалыңдығы 20 дан 40 мм болатын
қызметтік жоғарғы бетіне бекіту үшін арналған ілмектері
кіреді. Пісіру панелін сенімді түрде нығайту үшін барлық
қосымша берілген кнопкаларды пайдалану ұсынылады.
ОРНАТУ
600mm min.
420mm min.
700mm min.
Мұрша құбырында немесе айыр түтіндікте.
(тек тағам дайындау құрылғылары үшін)
Тікелей
далаға
A
Жануға арналған
ауаның желдету
тесіктерінің мысалдары.
Терезе мен еден арасындағы
желдету саңылауын кеңейту.
Жапсарлас
бөлме
Желдетілетін
бөлме
Seitenansicht 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 ... 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare