Indesit DFP 27B+96 Z Bedienungsanleitung Seite 54

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 56
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 53
54
KZ
Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
Кешіктіріп бастау
Жуу циклының басталу уақытын 3, 6 немесе 9 сағатқа
кешіктіруге болады:
1:Қажетті жуу циклы мен кез келген басқа опцияларды
таңдағаннан кейін КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз,
индикатор шамы жанады.
2: Кешіктіріп бастау түймесін бірнеше рет басып, қажетті
кешіктіру уақытын таңдаңыз. Жуу кезеңі (3 сағат), кептіру
кезеңі (6 сағат) және «соңы» (9 сағат) индикатор шамдары
бірінен кейін бірі жанады.
Кешіктіріп бастау түймесі тағы бір рет басылса, опцияның
таңдалуы доғарылып, индикатор шамы сөнеді.
3. Таңдау үдерісінен кейін Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылса, кері санақ басталады. Таңдалған кешіктіру кезеңінің
индикатор шамы жыпылықтайды және Бастау/Тоқтата тұру
түймесі жыпылықтауды тоқтатады (шам тұрақты түрде
жанады).
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, КЕШІКТІРІП БАСТАУ индикатор
шамы өшеді де, жуу циклы басталады.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.
Жуу опциялары*
Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ орнатуға, өзгертуге
немесе қайта орнатуға болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді опцияларды
ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына сәйкес
келмесе
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
, тиісті таңба/
диод 3 рет жылдам жыпылықтайды.
Басқа опциямен (бұрын таңдалған) үйлесімді емес опция
таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең соңғы таңдалған
опция жанып тұра береді.
Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін тиісті
түймені тағы бір рет басыңыз.
ҚОСЫМША жуу циклы
ҚОСЫМША циклы максималды биіктігі 53 см болатын үлкен
ыдыс-аяқтарды жақсылап жуу циклын орындауға болады:
жайпақ табалар, пеш торлары, май жинайтын табалар,
конфорка торлары, үлкен кастрөлдер, пицца табақтары, тот
баспайтын болаттан жасалған сорғыш сүзгілері.
Үлкен ыдыс-аяқтарды салу үшін жоғарғы тартпаны алып
тастаңыз.
Екі құлыпты ашып (оң және
сол), тартпаны шығарып
алыңыз.
Жоғарғы тартпа орнатылып
тұрған кезде, құлыптар
әрдайым жабық болуы тиіс.
Су ыдыс-аяқтың барлық жеріне жетуі үшін оны суретте
көрсетілгендей орналастырыңыз.
Қосымша жеңіл опциясының көмегімен циклды үлкен нәзік
ыдыс-аяқтарға қолдануға болады
(Жуу опцияларын көріңіз).
ҚОСЫМША жуу циклынан басқа циклды қолданған кезде
ыдыс жуғыш машинаны жоғарғы тартпаны орнатпай
қосушы болмаңыз.
Жеңіл опциясымен Қосымша жуу циклын орындау үшін
жуғыш затты диспенсердің орнына тікелей құрылғы
ішіне құйыңыз.
Жартылай жүктеу/Қосымша шамы
(Half Load/Extra Light)
Түйменің екі функциясы бар: ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ
және ҚОСЫМША ЖЕҢІЛ.
Жуу циклын таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ/ҚОСЫМША ЖЕҢІЛ
түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады.
Бұл опциядан бас тарту үшін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ/ҚОСЫМША
ЖЕҢІЛ түймесін қайта басыңыз.
Жартылай жүктеу
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты
үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға болады.
Жуғыш зат мөлшерін екі есе азайтуға болады.
Қосымша жеңіл
Тек ҚОСЫМША жуу циклымен үйлесімді.
Бұл опция ҚОСЫМША режимін үлкен нәзік ыдыс-аяқтар мен
заттарға қолайлы жасайды. Бұл опцияда кептіру кезеңі жоқ.
Ыдыс-аяқтар мен заттарды ыдыс жуғыш машинада жууға
болатынына көз жеткізіңіз.
Seitenansicht 53
1 2 ... 49 50 51 52 53 54 55 56

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare