Indesit I6ESH2E(W)-RU Bedienungsanleitung Seite 24

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 26
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 23
24
KZ
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Пешті тазалау
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш
затты немесе өткір темір қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек бетін тырнап,
оның сынуына әкелуі мүмкін.
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес
губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу
қажет.
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Болат беттерді жақсылап шайып, мұқият
кептірген абзал.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын
жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан
кейін шам ұясын жауып тұрған
шыны қақпақты шешіп алыңыз
(суретті қараңыз).
2. Шамды бұрап алып,
оны ұқсас басқа шаммен
ауыстырыңыз: кернеуі 230 В,
қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып,
пешті токқа қайтадан қосыңыз.
Көмек
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан
қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
Туындаған проблема түрі.
Құрылғының моделі (Мод.).
Сериялық нөмірі (С/н).
Мәліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының
деректер тақтасынан көре аласыз.
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
! Пеш шамын бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Пеш есігін шешіп алу жəне бекіту:
1. Есікті ашыңыз
2. Пеш есігі топсасының қамытын толығымен
кері
бұраңыз (фотосуретті
қараңыз)
3. Қамыттар тірелгенше есікті жабыңыз (есік
шамамен 40°-қа ашық тұрады) (фотосуретті
қараңыз)
40°
4. Жоғарғы профильдегі екі түймені басып,
профильді шығарып алыңыз (фотосуретті
қараңыз)
5. Шыныны шығарып алып, мына тарауда
көрсетілгендей тазалаңыз: «Күтім жəне
техникалық қызмет көрсету».
Seitenansicht 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare