Indesit PWSE 6104W Bedienungsanleitung Seite 18

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 17
18
KZ
Жуу циклын іске қосу
1. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ. түймесін басыңыз;
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы көк
түспен баяу жыпылықтайды.
2. КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ. Есікті ашыңыз. Келесі
беттегі бағдарламалар мен жуу циклдарының
кестесінде көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып
кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
3. ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. Жуғыш зат тартпасын
ашып, «Жуғыш заттар мен кірлер» тарауында
айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке
салыңыз.
4. ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ. Қажетті жуу циклын
таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын
қолданыңыз. Әрбір жуу циклы үшін температура
мен сығу жылдамдығы орнатылған; бұл мәндерді
реттеуге болады. Дисплейде циклдың мерзімі
көрсетіледі.
6. ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. Тиісті түймелерді
қолданыңыз:
Температура және/немесе сығу
жылдамдығын өзгерту. Таңдалған циклдың ең
жоғарғы температурасы мен сығу жылдамдығының
мәндерін немесе, таңдалған циклмен үйлесімді
болса, ең соңғы рет қолданылған параметрлерді
құрылғы автоматты түрде көрсетеді.
түймесін
басу арқылы температураны суық сумен жуу
циклының «ӨШІРУЛІ» параметріне жеткенше
төмендетуге болады.
түймесін басу арқылы
сығу жылдамдығын толығымен өшірілгенше,
біртіндеп төмендетуге болады («ӨШІРУЛІ»
параметрі). Бұл түймелер тағыда басылса, ең
жоғарғы мәндер қалпына келеді.
Кешіктіріп бастауды орнату.
Таңдалған цикл үшін кешіктіріп бастауды орнату
үшін, қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше
тиісті түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция
қосылғанда, дисплейде
таңбасы жанады.
Кешіктіріп бастау функциясын алып тастау үшін
дисплейде «ӨШІРУЛІ» мәтіні көрсетілгенше
түймені басыңыз.
Цикл параметрлерін өзгерту.
Опцияны қосу үшін түймені басыңыз; түймеге
сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
Опцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет
басыңыз; индикатор шамы сөнеді.
! Таңдалған опция орнатылған жуу циклымен
үйлесімді болмаса, индикатор шамы
жыпылықтайды және опция қосылмайды.
! Таңдалған опция оған дейін таңдалған опциямен
үйлесімді болмаса, таңдалған бірінші функцияға
тиісті индикатор шамы жыпылықтайды және тек
екінші опция қосылады; қосылған функцияға сәйкес
келетін индикатор шамы жанады.
Ескертпе:
опциясы таңдалған болса,
үйлесімді емес опциялардың ешбірін қосу мүмкін
болмайды.
! Опциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе
циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.
7. ЖУУ ЦИКЛЫН БАСТАҢЫЗ. БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ түймесін басыңыз. Тиісті индикатор шамы
көк түспен қалыпты түрде жанып тұрады және
есік құлыпталады (ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы
жанады). Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесінің көмегімен
кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз
(БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы сарғылт
түспен баяу жыпылықтайды); одан кейін қажетті
циклды таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
тағы бір рет басыңыз.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз; ЕСІК
ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы өшсе, есікті ашуға
болады (шамамен 3 минут күтіңіз). Жуу циклын
тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
8. ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ. Мұны дисплейдегі
«СОҢЫ» мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы өшкенде есікті ашуға болады (шамамен
3 минут күтіңіз). Есікті ашып, кірлерді алыңыз да,
құрылғыны өшіріңіз.
! Басталып қойған циклды доғару қажет болса,
түймесін басып ұстап тұрыңыз. Цикл тоқтатылады
және құрылғы өшеді.
Seitenansicht 17
1 2 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 ... 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare