Indesit PIM-640-AS-(BK)-(EE) Bedienungsanleitung Seite 62

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 64
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 61
62
IT
62
KZ
ҰЛЫБРИТАНИЯ НАРЫҒЫНА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ: Бұл өнім жалынды
бақылайтын құралмен жабдықталмағанын ескеріңіз.
Ол көп қабатты үйлерде немесе көп пәтерлі үйлерде
қолдануға АРНАЛМАҒАН. Күмәндансаңыз, CORGI
ұйымында тіркелген газ маманынан кеңес алыңыз.
Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.
Қоқысқа тастау
Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта
пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды
қадағалаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына
(WEEE) қатысты 2012/19/EC Еуропа заңнамасына сәйкес
үй құрылғылары қалыпты сортталмаған қалалық қалдық
ағымымен бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
адам денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
ескі құрылғылар қайта пайдалануды және қайта өңдеуді
оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек.
Өнімдегі сызылған «доңғалақты қоқыс жәшік» таңбасы
сізге құрылғыны тастаған уақытта, оның бөлек жиналуы
қажет екенін есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат алу
үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне немесе
сатушыларына хабарласулары керек.
Жөндеу және күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш заттар
немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты қырғыш немесе
таттандыратын тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз. олар
құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас
үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
Оттықтардың алынбалы бөлшектерін жылы сабынды
сумен жиі жуып, күйіп қалған заттарды алып тастап
тұру қажет.
Автоматты түрде жанатын плиталарда электрондық
шапшаң тұтату құралының ұшын жиі тазалап, газ
шығатын тесіктердің бітеліп қалмауын тексеріп отыру
қажет.
Электр конфоркаларды дымқыл шүберекпен тазалау
және әлі жылы болған кезде біраз маймен майлау
керек.
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған
қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор
бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін.
Тазалағаннан кейін қалған су тамшыларын сүртіп
алыңыз.
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды бұру
қиындауы мүмкін. Бұл жағдай орын алса, шүмекті
ауыстыру қажет.
! Бұл рәсімді өндіруші өкілет берген білікті маман
орындауы тиіс.
Ақаулықтарды жою
Құрылғы дұрыс немесе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін.
Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын не
істеуге болатынын тексеріңіз. Алдымен, газ бен тоқ
желілерде ешбір кедергі жоқ екенін және әсіресе
құбырдағы газ клапаны ашық екенін тексеріңіз.
Оттық жанбайды немесе оттық айналасындағы
жалын бір қалыпты емес.
Келесі жағдайларды тексеріңіз:
Оттықтағы газ тесіктері бітелген.
Оттықты құрайтын барлық қозғалмалы бөлшектер
дұрыс орнатылған.
Құрылғы маңында азынақ бар.
Қауіпсіздік құралы бар модельдерде жалын өшіп
қалады.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
Тұтқаны аяғына дейін бастыңыз.
Қауіпсіздік құралын іске қосу үшін тұтқаны қажетті
уақыт басып тұрдыңыз.
Қауіпсіздік құралына жақын жерлерде газ тесіктері
бітелмеген.
Ең төменгі позицияға бұрылғанда оттық жанып
тұрмайды.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
Газ тесіктері бітелмеген.
Құрылғы маңында азынақ жоқ.
Ең төменгі параметр дұрыс реттелген.
Ыдыс тұрақсыз.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
Ыдыстың түбі жап-жалпақ.
Ыдыс оттықтың ортасына дұрыс орналастырылған.
Табаны тіреуіш торлар дұрыс орналастырылған
Seitenansicht 61
1 2 ... 57 58 59 60 61 62 63 64

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare