Indesit PIM-640-AS-(BK)-(EE) Bedienungsanleitung Seite 59

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 64
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 58
IT
59
KZ
59
Майысқақ буынсыз тот баспайтын болаттан
жасалған түтікті оймасы бар жалғауға қосу
Газ жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы сыртта
орналасқан цилиндр түріндегі жалғау.
Бұл түтіктер толығымен созылғанда 2000 мм-ден
аспайтындай орнатылуы тиіс. Жалғау іске асырылғаннан
кейін майысқақ металдан жасалған түтік ешбір қозғалатын
бөлшектерге тиіп тұрмағанына және оны ешнәрсе қысып
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
! Тек ағымдағы ұлттық заңнамаларға сәйкес келетін
түтіктер мен тығындарды ғана пайдаланыңыз.
Жалғаудың мықтылығын тексеру
! Орнату аяқталғаннан кейін, сабынды сумен түтік
фитингтерінде тесіктердің бар не жоқ екенін тексеріңіз.
Ешқашанда алауды қолданушы болмаңыз.
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Плитаны әдепкі газ түрінен (плитаның астыңғы жағында
орналасқан техникалық деректер тақтасында немесе
орамада көрсетілген) басқа түрге сәйкестендіру үшін оттық
форсункаларын төменде көрсетілгендей ауыстыру қажет:
1. Плита торларын алып, оттықтарды тіректерінен
сырғытып шығарыңыз.
2. Форсункаларды 7 мм гайка кілтімен босатып,
шығарып алыңыз да, газдың басқа түріне арналған
форсункалармен алмастырыңыз ("Оттық пен
форсункалардың сипаттары" 1-кестесін қараңыз).
3. Жоғарыдағы рәсімді керісінше орындау арқылы
бөлшектерді қайта құрастырыңыз.
4. Бұл рәсім аяқталғаннан кейін, ескі техникалық деректер
жапсырмасын енді пайдаланылатын газ түрін көрсететін
жапсырмамен алмастырыңыз. Жапсырманы біздің кез
келген Қызмет көрсету орталығымыздан алуға болады.
Оттықтардың бастапқы ауасын реттеу
Реттеуді қажет етпейді.
Оттықтарды ең аз мәнге орнату
1. Тұтқаны әлсіз жалын позициясына бұрыңыз;
2. Тұтқаны шешіп алып, тұтқа
шегесінің ішінде немесе оның
жанында орналасқан реттеу
бұрандасын жалын кіші бірақ
тұрақты болғанша реттеңіз.
3. Жалынды қажетті төмен параметрге реттегеннен
кейін, оттық жанып тұрғанда тұтқа позициясын
бірнеше мәрте ең төменгіден ең жоғарыға және
қарама-қарсы жылдам ауыстырып, жалын өшіп
қалмайтынын тексеріңіз.
4. Кейбір құрылғыларда қауіпсіз құралымен
(терможұппен) жабдықталған. Оттықтар әлсіз жалын
параметріне орнатылғанда құрылғы жұмыс істемесе,
осы әлсіз жалын параметрін реттеу бұрандасының
көмегімен арттырыңыз.
5. Реттеу жасалғаннан кейін айналып өту
клапандарындағы тығындарды сургучпен немесе
оған ұқсас затпен қайтадан жабу қажет.
! Құрылғы сұйық газға жалғанған болса, реттеу
бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек.
! Бұл рәсім аяқталғаннан кейін, ескі техникалық деректер
жапсырмасын енді пайдаланылатын газ түрін көрсететін
жапсырмамен алмастырыңыз. Жапсырмаларды біздің
кез келген Қызмет көрсету орталығымыздан алуға
болады.
! Егер пайдаланылатын газдың қысымы ұсынылған
қысымнан өзге болса (немесе сәл басқа болса), кіріс
түтігіне қолайлы қысым реттегіші орнатылуы керек
(ағымдағы ұлттық заңнамаларға сәйкес келу үшін).
Электр
қосылымдары
ДЕРЕКТЕР КЕСТЕСІ
деректер кестесін қараңыз
Бұл құрылғы Еуропа экономикалық
қауымдастығының келесі нұсқауларына сай
келеді:
- 2006 жылғы 12-сəуірдегі 2006/95/EEC (төмен
кернеу туралы) директивасы жəне одан кейінгі
түзетулер
- 2004 жылғы 15-желтоқсандағы 2004/108/EEC
(электромагниттік үйлесімділік туралы)
директивасы жəне одан кейінгі түзетулер
-1993 жылғы 22-шілдедегі 93/68/EEC
директивасы жəне одан кейінгі түзетулер.
-2009 жылдың 30-қарашасындағы
2009/142/EEC (газ туралы) директивасы жəне
одан кейінгі түзетулер.
- 2012/19/EC жəне одан кейінгі түзетулер.
Seitenansicht 58
1 2 ... 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare