Indesit CM TDC DSL0 Bedienungsanleitung Seite 33

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 40
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 32
33
it
33
kz
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Тазалаудан бұрын
әрқашан өнімді розеткадан ажыратып,
жылыту тақтасын толық суытыңыз.
Құрылғыны немесе қуат сымын тазалау
мақсатында суға немесе басқа сұйықтыққа
салмаңыз.
1. Әр пайдаланғаннан кейін барлық алынбалы
бөлшектерін ыстық, сабынды суда тазалаңыз.
2. Дақтарды жою үшін өнімнің сыртқы бетін
жұмсақ, ылғал шүберекпен сүртіңіз.
3. Құйғыштың жоғарғы аймағына су тамшылары
жиналып, қайнату барысында өнімнің түпкі
жағына түсуі мүмкін. Тамшылауды бақылау
үшін өнімді пайдаланудан кейін аталмыш
аймақты таза, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
4. Жылыту тақтасын ақырын сүрту үшін
ылғал шүберекті пайдаланыңыз. Тазалау
үшін ешқашан бұдыр тазалағышты
пайдаланбаңыз.
5. Барлық бөлшектеріп қайта орнатып, келесіде
пайдалану үшін сақтаңыз.
МИНЕРАЛДАРДЫ
ҚАЛДЫҚТАРДЫ
ЖОЮ
Кофе қайнатқышыңызды пайдалануға жарамды
сақтау үшін аймағыңыздағы су сапасына және
пайдалану жиілігіне байланысты судан кейін
қалған минералды қалдықтарды мерзімді түрде
тазалап отырыңыз. Ақ сірке суы мен салқын су
ерітіндісін пайдаланып, кофеқайнатқыңызды
декальцинациялауды ұсынамыз. Бір графин
салқын суға екі қасық (30мл) ақ сірке суы қосылған
ерітінді жеткілікті.
1. Ыдысты сірке суы ерітіндісімен су өлшегіште
көрсетілген максималды деңгейге дейін
толтырыңыз.
2. Шыны графинді жылыту тақтасына енгізіңіз.
3. Сүзгі (кофе ұнтағынсыз) мен құйғыш орнына
орнатылғандығын тексеріңіз.
4. Аспапты қосып, қақтарты жоятын ерітіндіні
қайнатыңыз.
5. Бір шынаяқ ерітінді қайнағаннан кейін
аспапты өшіріңіз.
6. Ерітіндіні 15 минутқа қойып, 3-5 қадамдарын
қайталаңыз.
7. Су ыдысы толық босағанша аспапты қосып,
ерітіндіні бітіріңіз.
8. Аспапты су құйып, 3 рет қайнату арқылы
шайыңыз.
ТАМАША ДӘМГЕ ИЕ КОФЕ
ҮШІН КЕҢЕСТЕР
Ескертпе: таза кофеқайнатқы тамаша
дәмді кофе жасау үшін өте маңызды.
Кофеқайнатқыны "КҮТІМ ЖАСАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ"
бөлімінде көрсетілгендей өз уақытында тазалап
отырыңыз. Кофеқайнатқы үшін әрқашан таза,
салқын суды пайдаланыңыз.
Ескертпе: пайдаланылмаған кофе ұнтағын
салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Кофе
ұнтағының қорабын ашқаннан кейін оны бекем
жауып, таза сақтау үшін тоңазытқышта сақтаңыз.
Ескертпе: оңтайлы кофе дәміне қол жеткізу
үшін бүтін кофе дәндерін сатып алып,
қайнату алдында жақсылап ұнтақтаңыз.
Ескертпе: кофе ұнтағын қайта
пайдаланбаңыз, себебі бұл кофенің иісін
айтарлықтай азайтады. Кофені қайта қыздыру
ұсынылмаған, себебі кофе қайнағаннан кейін ғана
ең жоғары дәмге ие болады.
Ескертпе: кофеқайнатқыны бөлінген
майлардан тазалаңыз. Қайнатылған, қара
кофенің бетіндегі май тамшылары кофе ұнтағынан
майдың бөлініп шығуы себебінен пайда болады.
Ескерту: қатты күйдірілген кофе
пайдаланылса, майлар жиі пайда болып
отырады.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және
сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз.
Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға
мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп
отыруға тырысамыз.
Құрылғыға күтім көрсету
Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ari-
ston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби
бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс
мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін
азайтады.
Professional кәсіби бұйымдарының желісі
құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып
жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану
қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары
стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда
жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston.
ru веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен
қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден
сұраңыз.
Seitenansicht 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare